Маймұрын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Маймұрын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1377
Әй, Серіктің түрін-ай,
Қолдарының кірін-ай.
Киімді оңдап кимеген,
Бір түйме жоқ түймеден.
Омырауы сірескен,
Сау жері жоқ шірештен:
Онда сіңген май да бар,
Онда төккен шәй да бар.
Қаймақ та бар, бал да бар,
Жұмыртқа да, нан да бар.
Үсті түгел топырақ,
Шашы кеткен қобырап.
Алма-жұлма малақай,
Әйтеуір бір балақай.
Бәрін айт та бірін айт,
Мұрынының сырын айт.
Былай тұрсын жуынбақ,
Қос танауы шуылдап,
Ал, маңқасы бозарып,
Қалған кезде ұзарып,
Күлдіріп бар баланы,
Кері тартып алады.
Күле-күле шіркінге,
Дейтін болдық бұл күнде:
«Маймұрын-ау, маймұрын,
Жеңің сенің майлығың».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маймұрын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Маймұрын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маймұрын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маймұрын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері