Сырлы Созақ – Tursynakerke

Бұл бетте «Сырлы Созақ» атты Tursynakerke жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бар қазаққа бөлгендей бақ-ырысты,
Қиял шіркін алысқа алып ұшты.
Шабытымның от-ойы лаулап жанып,
Созағымда жүрмін мен бәрі күшті.

Тоқсан жылдық тарихы бар азат далам,
Маған әркез өзіңнің ғажап бағаң.
Сырлы Созақ әрқашан өсе бергің,
Өзіңе жыр арнайды қазақ балаң.

Бағы болып жүре бер әр маңдайдың,
Өзіңнің биігіңе тандаңбаймын.
Тысқа шықсам өзіңнен жырақ елім,
Өзіңе тез қайтуды армандаймын.

Созақпен біздің қоғам түзелгендей,
Қасиетің бар біздерге Қызылкөлдей.
Қасиетіңді толықтай біле алмаймыз,
Созақтай жәннәт жердің ізін көрмей.

Көне жердің беймәлім сырлары бар,
Құлыншақтай ақынның жырлары бал.
Мыңжылқы,Келіншек тау,Қаратаудай,
Алпамса,биік-биік шыңдары бар.

Сырлы Созақ өзіңе жыр арнадым,
Сен дегенде тынымсыз тұра алмадым.
Тоқсан жылдық көнекөз тарихы бар,
Өзің үшін келеді ұраңдығым.

Құмында сыр, жырлар бар даласында,
Маржан сөз, әсем ән бар арасында,
Өсетін, өнденетін, жанданатын,
Үлгі болар Созағым бар асылға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сырлы Созақ өлеңінің авторы кім?

Tursynakerke — осы өлеңнің авторы.

Сырлы Созақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сырлы Созақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Tursynakerke өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сырлы Созақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар