Бұл бетте «...бәлкім» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кеберсіп барады мүлде,
Ерніңе сүйеген ерін.
Өзгені құшақтап түнде,
Өзіңді сүйе беремін.
Жасырын нөмірден күнде,
Қоңырау шаласың неге?
Жасырын нөмірден түнде,
Қоңырау шаламын неге?
Үнсіздік... жымиыс... тосын,
Бұл бәлкім - өлімнің үні.
Демігу... күрсініс сосын,
Бұл бәлкім - Өмірдің мұңы.
Бөрідей аласұрған ұлып,
Өтуде өзіңсіз әр күн.
Бақиға енген соң күліп,
Бақытты болармыз бәлкім.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі