Нөсер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Нөсер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2798
Шаң-тозаңды үйіріп,
Жел ұйытқып еседі.
Қабағы тас түйіліп,
Аспанда бұлт көшеді.
От қамшысын үйіріп,
Шатыр етті ол кенеттен.
Кетті нөсер құйылып,
Төгілгендей шелектен.
Тамшылары нөсердің
Терезені сабалап,
Иір-иір көшені
Ағып жатты аралап.
Тамаша ғой, тамаша
Астықты алқап, тың далам.
Тамашалап балаша
Жаңбыр жырын тыңдаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нөсер өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Нөсер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нөсер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нөсер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері