Жаңа қар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаңа қар» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1875
Сүйінші, балалар,
Ақ ұлпа жаңа қар
Қаптады жерді.
Жығылып, тұрып,
Қарменен ұрып,
Ойнар кез келді.
Сүйінші, балалар,
Ақ ұлпа жаңа қар
Жоқ қылды шаңды.
Айнала қандай,
Атқан нұр таңдай
Жасарып қалды.
Сүйінші, балалар,
Ақ ұлпа жаңа қар
Шық дейді үйден.
Қысқы ауа таза,
Бойыңды жаза,
Шаңғы теп, үйрен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа қар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жаңа қар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңа қар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаңа қар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар