Арыстан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Арыстан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2034
Оқудан – алыстан
Келгенде ағам,
Ойыншық арыстан
Әкелді маған.
Тетігін бұраса,
Көздері жайнап,
Бұрқанған бураша
Шегеді айбат.
Күшіктің жанына
Қойып ем жайлап,
Арыстан тағы да
Көрсетті «қайрат».
Секіріп, секеңдеп,
Бассалды Мойнақ.
Жаны бар екен деп,
Қалыпты ойлап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арыстан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Арыстан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арыстан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арыстан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері