Ақ тілек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақ тілек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5969
Арайланса ғалам бар,
Ағарып таң атты деп,
Бір-біріне адамдар
Айтып жатар ақ тілек.
Гүлге толып бар аңғар,
Құлпырса да бақ түлеп,
Бір-біріне адамдар
Айтып жатар ақ тілек.
Аттанса да сапарға,
Жолға шыға қапты деп,
Бір-біріне адамдар
Айтып жатар ақ тілек.
Сүйіп-құшып сәбиді,
Тілі қандай тәтті деп
Жайсаң жандар бар игі
Айтып жатар ақ тілек.
Адал, жақсы ниетпен
Бар адамға бақ тілеп,
Жарып шыққан жүректен
Сөздің бәрі – АҚ ТІЛЕК.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ тілек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақ тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері