Жаз жарқыным – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаз жарқыным» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1426
– Құп болсын тілегің,
Айтшы, жаз, жарқыным,
Қай жаққа жібердің
Таңғы ауа салқынын?
– Қимылсыз қалпында
Қарбыздар қалғиды.
Жинап бар салқынды,
Қарыны қампиды.
– Айтшы, жаз, іркілме,
Ұғынғым келеді.
Қайда екен бұл күнде
Ақ гүлдер желегі?
– Кезіп жүр даланы
Ақ гүлдер желегі.
Өрнегін салады,
Құмға рең береді.
– Айтшы, жаз, сен енді,
Қақтайды ыстық күн:
Бар қанша керегі
Сәуленің ыстық тым?
– Жерге жай тамбаған
Алтын нұр ыстығым –
Сап-сары алмадан
Шашырар қысты күн!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаз жарқыным өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жаз жарқыным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаз жарқыным өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаз жарқыным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері