Таңғы серуен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Таңғы серуен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3304
Таңертең жайланып,
Атыңа мінсең бір.
Аулыңның аймағын
Аралап жүрсең бір.
Таңды ерте атырған
Ақ селеу сақалды,
Қол бұлғап шақырған
Көресің атаңды.
Кілемін тоқыған
Шырқатып шат әнді,
Құлшынып отырған
Көресің апаңды.
Ауылдан жыраққа
Ұзаған бойда-ақ тым,
Келеді құлаққа
Үргені Мойнақтың.
Есіңнен кетер ме
Ұят іс еткенің:
Күшікті бекерге
Қалдырып кеткенің.
Содан соң Мойнаққа:
«Қуып жет,
Ер», – дейсің.
Атың тұр ойнақтап,
«Жарысып көр!» – дейсің.
Дөңгелеп маңайың,
Құйғытып шабасың.
Алтын күн арайын
Сен қарсы аласың!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңғы серуен өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Таңғы серуен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңғы серуен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңғы серуен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері