Қасым қайда, достар-ау, Қасым қайда? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қасым қайда, достар-ау, Қасым қайда?» атты Абдрахман Асылбек жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2113
Қасым қайда, достар-ау, Қасым қайда?
Жалындаған жиырма бес жасым қайда?
Тұлпар болып тебініп төске шауып,
Теңіз болып талантым тасынбай ма?
Қасым қайда, достар-ау, Қасым қайда?
Неге менің түседі тасым майда?
Жайлауымда жайқалып жауқазын жыр,
Таң нұрымен тамылжып ашылмай ма?
Қасым қайда, достар-ау, Қасым қайда?
Қасым сынды кешегі асыл қайда?
Бұлақ болып сылдырап сұлу сөздер,
Маржан болып мөлдіреп шашылмай ма?
Қасым кайда, достар-ау, Қасым қайда?
Қасым болсаң, қасың да бас ұрмай ма?
Жақсы жырлар қашанда құдіретті,
Ақын даңқын әлемге асырмай ма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасым қайда, достар-ау, Қасым қайда? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қасым қайда, достар-ау, Қасым қайда? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасым қайда, достар-ау, Қасым қайда? өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қасым қайда, достар-ау, Қасым қайда? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері