Қасқыр мен қозы

Бұл бетте «Қасқыр мен қозы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2563
Күшті алдында әлсіз дәйім айыпты,
Ондай істі тарихтан көп көреміз
Бірақ, оны біз жасайды демеңіз:
Ал, мысалға құлақ салшы байыпты.
* * *
Қозы шөлдеп, су ішуге кеп еді,
Бәле қайдан демегін.
Сол маңайда бір аш Қасқыр жүр еді,
Ұмтылды ол Қозыны тез жегелі.
Бірақ, заңды сөз айтқан боп бұл енді,
Ақырды: «Сен тұмсығыңмен былғаныш
Мөлдіреген тұнбамды
Былғадың,
Оңбағандық бұл нағыз!
Деймін-дағы басынды,
Жұлып алам басыңды!»
«Түсінем ғой Сіз секілді асылды,
Жүз қадамдай төменірек түсейін,
Рұқсат болса, сол жерден-ақ ішейін,
Бір жолыға қойыңызшы ашуды:
Сіздің суды былғай алман мен мүлде».
«Сонда, алдамшы менмін бе?
Не былжырап оттап тұрсың, оңбаған!
Арғы жылы осы жерде сен маған
Дөрекілік көрсеткенің есімде,
Ал, бұл жолы кешірмен!»
«Кешіріңіз, жыл толған жоқ туғалы».
Деді Қасқыр: «Онда ағаң болғаны».
«Ағам жоқ қой». «Құдаң шығар онда бір,
Кім де болса, әйтеуір бір туғаның.
Өзің, малшың және иттері қырағы,
Ойлап маған арамдық,
Қолдан келсе, жасайсыңдар жамандық,
Сенен алам барлық ашу, ызаны».
«Жазығым не?». «Өшір енді үніңді!
Ақ-қараңды талдауға жетер емес төзімім,
Жегім кеп тұр, айтар болсам шынымды» –
Деп, тоғайға сүйреп кетті Қозыны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасқыр мен қозы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қасқыр мен қозы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасқыр мен қозы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қасқыр мен қозы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері