Көктем тасқыны

Бұл бетте «Көктем тасқыны» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3576
Алғашқы аспан күркірі
Салютіндей көктемнің.
Дүниенің бар түкпірі
Құшағында көктердің.
Қөтеріп дала жасыл гүл
Көктем күнін қарсы алған.
Тек қана таудың басы тұр
Маңдайын мәңгі қар шалған.
Сусындап көктің бұлтына
Бұрқана ағып тас бұлақ.
Басынан таудың шықты ма?
Жарысып, ойнап бас құрап.
Әйтеуір қатты ағыны
Бойында нәрлі бір күш бар.
Сарқылып әбден сабыры
Болады оған гүл құштар.
Сүйесің сен де бұлақты,
Секірген шапшып тасқыны,
Жатқандай сонда қуатты
Өмірдің жалын жастығы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем тасқыны өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Көктем тасқыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем тасқыны өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем тасқыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері