Нала – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Нала» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 1
  • 0
  • 973
Бұл заман кімнің соры?
Кімнің бағы?
Жаңылды жүрісінен дүлдүл-дағы.
Қайғы жеп, мұң жұтқан соң қайдан оңсын,
Барады уға айналып тілдің балы.
Ғайыпқа өзі кетпей,
Сөзі жетпей,
Ақынның аласұрған кезі көп қой.
Өзі хан,
Өзі сұлтан,
Өзі бектей
Қор болдым ағайынға сөзім өтпей.
Алда деп жұбатқанмен жүлдең əлі,
Алқызыл бояуынан гүл де оңады.
Аз күндік аманында ауызға алмай,
Өлген соң өкінгенің кімге дəрі?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нала өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Нала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері