Тілеу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тілеу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2153
Тату-тәтті ортаның мұңы шалғай,
маңайына жарқырар нұры шамдай.
Менің жаным ауырады, аз халқымның
жүрсе жақсы жандары ұғыса алмай.
Алшаңдаған арланды құмай жығар,
алауыздық ел ішін лай қылар.
Екі мықты шекіссе, ортасында
мерт болады кінәсіз былайғылар.
Адам көңілі қалады татым құрттан,
жайсаңдарды күңкілшіл жақын құртқан.
Елің азып-тозарда ең алдымен
азаматы айырылар татулықтан.
Ағалары – асқар шың қырау шалған,
жігіттері ат баптап, қыран салған
дала көңіл халықтың перзенті едік
елдікті айтып ұрпаққа ұран салған.
Асау ғасыр!
Іріні үгіп демің
бара жатса, сөнердей үміттерім.
Мен тілеймін: күңкіл мен ұсақтықтан
сақтағай деп даламның жігіттерін.
1985
***
Мойындатып заңдарын
матап қойды Жер мені,
еркіндіктің тарланын
ұстатқысы келмеді.
Ғашық болдым – масқара!
(Сөге қоймас мені ешкім),
енді қанат тақса да,
ұша алатын емеспін.
Жақсы көру – Жер ісі,
(жерде және құт, дарын)
бұл сезімнің не күші
бар екенін ұқпадым.
Шыр айналды бас, мен де
Жермен бірге дөңгелеп.
Сезімдерден мас кеуде,
шарықтадым сол жебеп.
Дидарындай баланың
күліп атты таң тағы.
Жақсы көрген адамым
мені Жердей тартады.
Қанымдағы дүсірден
көтерілді еңсе-күн.
Тартылысты күшіңнен
айналайын, Жер, сенің!
1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілеу өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Тілеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері