Бұл бетте «Құлагерге» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әні Дәнеш Рақышевтікі
Беу-беу, шіркін!
Қайран Құлагерім-ай!
Терең көл боп кеппей жатқан терің-ай.
Бүкіл қазақ аңыз етіп сақтаған
Топырақтағы ай таңбалы мөрің-ай.
Сұлулардай қарғап өткен көрікті,
Оза білген мал да зорлық көріпті.
Жүректерге жүлде салған жануар
Бір сотқардың сойылынан өліпті.
Арқаланып
Ел шуына көтерген,
Ақырғы рет мәреге есен жетер ме ең?..
Болсам егер ат айдаушы Бөрібай,
Сені сақтап, өзім мерт боп кетер ем.
1975
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі