Аңыз адам - Бауыржан Момышұлы – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Аңыз адам - Бауыржан Момышұлы» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аңыз адам
(Бауыржан Момышұлына арнау)

Аңыз адам - Бауыржан Момышұлы,
Шыққан тегі иманды, өнегелі.
Имаш ата - батагөй, ақын болса,
Ал, Қызтумас әжесі - ертегіші.

Атасынан үйреніп даналықты,
Әкесінен үйренген ұсталықты.
Ақын, шешен, сауатты, зергер, батыр,
Момыналы, қаһарман ұл өсірді!

Жаттап өсіп қазақтың фольклорын,
Шебер біліп қазақтың көне сөзін.
Отыз сағат отырмай дәріс оқып,
Сарбаздарға үйреткен соғыс өнерін.

Дивизия басқарған ер қолбасшы,
Даналықпен дайындап сарбаздарды.
Соғыстан соң аңыз боп Еуропада,
Александр Бек ол жайлы роман жазды.

Батыр ата соғыста жүрсе-дағы,
Қолынан түскен емес қаламсабы.
Майданда отыз сегіз кітап жазған,
Қазақтың өткір тілді қаһарманы!

Гүлмекен Қасенбай
17.12.2024


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар