Кім үшін? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кім үшін?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1532
Көкте күліп алтын күн,
Нұрын төгер
Кім үшін?
Бұтақтардан жарқын гүл
Желек жаяр
Кім үшін?
Көк алқапта ақ мақта
Гүл жарады
Кім үшін?
Арпа, бидай аймақта
Ырғалады
Кім үшін?
Биік таудың басынан
Бұлақ ағар
Кім үшін?
Кең далаға тасыған
Ағыс барар,
Кім үшін?
Қыраттарда, белдерде
Мал бағылар
Кім үшін?
Қуаң тартқан жерлерге
Су жайылар
Кім үшін?
Судан – жарық,
Жерден – нан,
Газ алынар
Кім үшін?
Қалаларға берген сән
Үй салынар
Кім үшін?
Мұның бәрін білуге,
Кең далаға шығайық.
Құлаш ұрып білімге,
Сөз мәнісін ұғайық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім үшін? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кім үшін? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім үшін? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім үшін? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері