Кім не дейді? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кім не дейді?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1367
– Бұлт, неге келесің,
Күнді бүркеп, төнесің?
– Айналамын жаңбырға!
– Жаңбыр, жерді көлдетіп,
Неге жаудың селдетіп?
– Майса төгем бар қырға!
– Майса, неге шығасың,
Жерді зерлеп тұрасың?
– Бермек едім гүлгүлді!
– Гүл, жұпар боп шашылдың,
Сен кім үшін ашылдың?
– Таппақ едім бұлбұлды!
– Бақтың сәні, бұлбұлым,
Неге керек бұл гүлің?
– Гүлді көрсем қуанып,
Гүлден тәтті үн алып,
Сені ұйқыдан оятам,
Таң нұрына боятам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім не дейді? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кім не дейді? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім не дейді? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім не дейді? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері