Жүректе Алматы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жүректе Алматы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1401
Әнін жазған Иван Бреусов

Керемет көркіңменен
Сұлулықтың бар екенін тез ұқтым.
Ғашықтық өртіменен
Өзіңменен бақ ішінде кезіктім.
О, қандай сүйікті едің?
Мені ояттың, сезімді беріп.
Қырандай биіктедім,
Осы қалада өзіңді көріп.

Қайырмасы:
Аматы, Алматы,
Арман қала,
Орман қала.
Алматы, Алматы,
Нұрын берген,
Гүлін берген.
Кешкі ақшам кезде
Саған жетем лезде.
Сен – ән аты,
Алматы, Алматы,
Жүректе – Алматы.

Өзіңмен өсе бердім,
Арқа тұтып ақ қайыңды тауларды.
Түп-түзу көшелерің
Бастай берді бақытыма арманды.
Өнер мен білім алып,
Мәңгі сөнбейтін шамымды жақтым.
Махаббат гүлін алып,
Осы қаладан жарымды таптым.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүректе Алматы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жүректе Алматы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүректе Алматы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүректе Алматы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері