Сен жатырсың құшағында ұйқының – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сен жатырсың құшағында ұйқының» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2053
Сен жатырсың құшағында ұйқының,
Мен отырмын қарауылдап үй түнін.
Тамылжыған тыныштықты тілгілеп,
Көңілімде көрмейді бір күй тыным.
Сен жатырсың бал ұйқыда балбырап,
Мен отырмын түн күзетіп, ән құрап.
Өріледі өрімдей бір өлең боп,
Саған деген сәтті жолдар жарқырап.
Сен жатырсың жамылып түн пердесін,
Мен отырмын басып күйдің пернесін.
Сенің сол бір уылжығын ұйқыңды
Деймін дәйім бөтен ойлар бөлмесін,
Тәтті әуендер тербесін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен жатырсың құшағында ұйқының өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сен жатырсың құшағында ұйқының өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен жатырсың құшағында ұйқының өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен жатырсың құшағында ұйқының өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері