Мен кіммін?

Бұл бетте «Мен кіммін?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2954
Арамдарға мен араммын,
Сараңдарға мен сараңмын.
Жамандарға мен жаманмын,
Өйткені, мен де
Жер басып жүрген адаммын.
(К.АЙТОЛҚЫН. Бозбала мен бойжеткен. 49-бет)
Жақсыларға жақсымын,
Бақсыларға бақсымын,
Тапшыларға тапшымын
Өйткені, мен де
Адаммын ғой, тап шыным.
Ғалымдарға ғалыммын,
Дарындарға дарынмын,
Залымдарға залыммын.
Өйткені, мен де
Біреуіңмін бәріңнің.
Тектілерге тектімін,
Ептілерге ептімін,
Кектілерге кектімін.
Өйткені, менің
Өздеріңсіз жоқ күнім.
Батырларға батырмын,
Жақындарға жақынмын,
Пақырларға пақырмын.
Өйткені, мен бір
Жыры жұмбақ ақынмын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен кіммін? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мен кіммін? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен кіммін? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен кіммін? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері