Әріптеске

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2038
Жаралған жансың досым, бағың нұрдан.
Бірнеше белестерді бағындырған.
Бір жүріп, ойнап күлген әріптесім,
Өлең шықты көмейден сағындырған.
Қадірлеп адамзатты, досты, бәрін,
Мерейің үстем болды, өсті бағың.
Әкесін ерекше бір құрмет тұтқан,
Аман болсын қызғалтақ, қос шынарың.
Жасқа жеттің бұл күнде, зейнеткерлік.
Біз қанша уайым жедік, бейнет көрдік.
Қаскөйлер аяқтардан шалса дағы,
Басшы боп екі ауданды билеп бердік.
Мүшел жасың оң болсын, берекелі.
Өлең жаздым ұлықтап мерекені.
Жаны жайсаң жансың ғой, жасай берші,
Елі ғана ерлерді, ер етеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әріптеске өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Әріптеске өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Әріптеске өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әріптеске өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері