Ақбөпеге! – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Ақбөпеге!» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1606
Мен үшін бұл өмірде орның бөлек.
Інім деп сағынғаның маған көмек.
Ұлың мен екеуіңді әрқашанда,
Бір Алла жүре берсін, желеп-жебеп.
* * *
Сен әпшем-ау ерексің, дара тұлғаң!
Сен әпшем-ау ерексің, дара тұлғаң!
Ағайынға қамқор боп жаратылған.
Ауылдың таза ауасы дем бергендей,
Жел ескендей сұңқардың қанатынан.
Жүріпсіз, туған жерде өлеңдетіп.
Құлақты телефонға елеңдетіп.
Ақындық Сізге барып жеткені ме?
Жұмыстан қажып жүрген, менен кетіп.
Ақбөпе:
Сен ақынсың, мен емес, сөз шебері.
Туа бітер адамға сөз өнері.
Асыл оймен құнды сөз тоқып айтар,
Ұғындырған құрметпен білгендерін.
Менікі өлең емес, айта салу,
Жақсылық жақтарыңды ойға алу.
Істеген қамқорлығың еске түссе,
Бойға қуат болады, жанға дәру.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақбөпеге! өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Ақбөпеге! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақбөпеге! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақбөпеге! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері