Қазақтың арулары – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қазақтың арулары» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 8947
Сымбатты, сұлу ғажап тым,
Қыздары қандай қазақтың.
Көрмесе сағындырған,
Көркімен табындырған.
Аққудай арулардың,
Жолында жаным құрбан.

Қайырмасы:
Инабат, парасаты,
Көркіне жарасады.
Ай нұры арулардың,
Таңменен таласады.

Мәрмәрдай аппақ мүсіні,
Сыйлаған үлкен-кішіні.
Жайдары жазық маңдай,
Үнінен наз ұққандай.
Қазақтың арулары-ай,
Ибалы, нәзік қандай.

Қайырмасы.

Күлкісі күміс күмбірлі,
Шолпысы бұлақ сыңғырлы.
Қазақтың арулары-ай,
Жұлдыздай жанулары-ай.
Тербетіп жүректерді,
Ән болып қалулары-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақтың арулары өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қазақтың арулары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақтың арулары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақтың арулары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері