Пікір

Бұл бетте «Пікір» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2228
Жаңа бастық келе сап,
Анкетамды көре сап,
Сылтау іздеп сыныққа,
Түсірді де құрыққа,
Болмаған соң туысқан,
Айдап шықты жұмыстан.
Содан қайда шаппадым,
Ешкімге де жақпадым.
Айтатыны бәрінің:
«Жарамайсың, жарығым.
Теріс ұқпай, түсін дәл
Сен туралы пікір бар.
Ішкілікті татпайды екенсің,
Бірақ, тыныш жатпайды екенсің.
Бетке айтам деп шындықты,
Бастайды екенсің сұмдықты...
Бізге –
Қой аузынан шөп алмайтын,
Шөп алса да, көп алмайтын,
Ақкөңіл, аңқылдақ,
Жарамсақ, жалпылдақ,
Айтқаныңа көнетін,
Өл десең, өлетін,
Ойы жүйрік, көңілі зерек,
Адамның момыны керек».
* * *
Кейбір басшы осылай
Теріс пікір таратып жүр.
Жарымес болса да шошымай,
Туыстарын іске жаратып жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пікір өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Пікір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пікір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пікір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері