Төле бидің батасы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Төле бидің батасы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 8183
Әнін жазған Жоламан Тұрынбаев

О, жарандар, жарандар!
Қансыраған далам бар,
Шұбырынды ақтабан,
Қысып тұрған заман бар.
Ауыздықпен су ішер,
Ат басына күн туды.
Етігімен су кешер,
Ер басына күн туды.
Қорғайтұғын кез келді,
Қазақ деген ұлтыңды.
Өздеріңдей ерлерді,
Ел тумаса, кім туды?!
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шақшақұлы Жәнібек,
Шапырашты Наурызбай!
Балтакерей Тұрсынбай,
Саңырық, Тайлақ, Олжабай,
Баян, Берді, Өтеген,
Елдің берік қорғаны-ай!
А, құдайым қолдасын,
Тілегімді оңдасын.
Жолдарың боп жортқанда,
Қыдыр болсын жолдасың!
А, құдайым қолдасын,
Бетен көштер қонбасын.
Тілегіміз қабыл боп,
Тыныш заман орнасын!
Бастағалы келіп тұр,
Айбынды хан Абылай.
Елім көмек беріп тұр,
Қолдай көргін, а, құдай!
Жығылмасын туларың,
Арнап тұрмын батамды,
Топтасыңдар тезірек,
Жаудың беті қатал-ды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төле бидің батасы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Төле бидің батасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төле бидің батасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төле бидің батасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар