Ботагөзім – ардағым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ботагөзім – ардағым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3306
Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Ботаның көздерінен аумай қалған,
Көздерің төңкеріліп, аунай қалған.
Өзіңді көрген сайын тағат таппай,
Бір арман жүрегімде лаулай жанған.

Қайырмасы:
Ботагөзім – ардағым,
Тал бойыңда бар ма мін?
Арулардың ішінен
Бір өзіңді таңдадым.
Ботагөзім – ардағым,
Алтын арай таңдарым.
Әуелеген әнімді
Бір өзіңе арнадым.

Қазақтар ботам деген қымбаттысын,
Ботагөз, бота сынды сымбаттысың.
Табиғат шеберлікпен құя салған,
Қияннан көз тартады сұңғақ мүсін.

Қайырмасы.

Кезігер бір-ақ рет өмір бағы,
Көншімес оны таппай көңіл бабы.
Өтейін аялаумен сылап-сипап,
Ботагөз, ботам болшы менің-дағы.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ботагөзім – ардағым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ботагөзім – ардағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ботагөзім – ардағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ботагөзім – ардағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері