Ағаларым-ай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ағаларым-ай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 7028
Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Асыл ағалар –
Аяулы ақ тілек армандар.
Батыл ағалар –
Жастықта жалын боп жанғандар.
Ардақты ағалар,
Сендермен алтын таң ағарар,
Аман бол, аман бол, ағалар.

Қайырмасы:
Ағаларым-ай,
Даналарым-ай.
Елден ерекше
Бағаларың-ай.
Алтын ағалар,
Жарқын ағалар,
Халқың бағалар.

Асыл ағалар –
Жайқалған жасыл құрақтар.
Ақыл ағалар –
Өмірлік өшпейтін шырақтар.
Асыл ағалар –
Желменен жарысқан пырақтар,
Арманға жеткізер мұраттар.

Қайырмасы:

Асыл ағалар –
Өздерің өмірдің тынысы.
Ақыл ағалар –
Өздерің елімнің ырысы.
Ардагер ағалар,
Сендерді бүкіл ел бағалар,
Аман бол, аман бол, ағалар.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағаларым-ай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ағаларым-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағаларым-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағаларым-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері