Ақ қайыңым - аңсарым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақ қайыңым - аңсарым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2573
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Ақ қайыңым, тұрушы едің керіліп,
Торғын шашың тобығыңа төгіліп.
Қайда кеткен сол қуаныш, сол үміт?
Енді бүгін еңсең түскен егіліп.
Ақ қайыңым, көктем едің, гүл едің,
Еркешіммен еркелеп кеп жүр едім.
Енді бүгін неге сонша жүдедің?
Менің-дағы мұңға толы жүрегім.
Ақ қайыңым, аңсарым ең, әнім ең,
Арайланып атқан алтын таңым ең.
Адасып қап бақытымның бәрінен,
Аңсап жүрмін алаңдаумен әлі мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ қайыңым - аңсарым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақ қайыңым - аңсарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ қайыңым - аңсарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ қайыңым - аңсарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері