Тұрақсыз тырна

Бұл бетте «Тұрақсыз тырна» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1362
Талтаң басып Тырна,
Жүріп жатты қырда.
Мыңғырған малы болды,
Керектің бәрі болды.
Сауық-сайранда,
Тамаша тойларда
Мойнына тағатын,
Көз жауын алатын
Жарқын бұйымдары да болды,
Алтын тиындары да болды.
Патша ондайларға сеніп келді,
Не істеймін десе де ерік берді.
Сол Патша бір күні аттан түсті,
Яғни, тақтан ұшты.
Тырнаның күні қараң болды,
Қилы заман болды.
Жаңа билік келді,
Жаңа бұйрық берді:
Тырнаның бәрін теңгеретін болды,
Байлықтың бәрін тең бөлетін болды.
Бай Тырна байлығын қимады,
Дүниесінің барлығын жинады.
Сөйтіп, бір түнде қашып кетті,
Қарғалар еліне асып кетті.
Қарғалар оны орап алды,
Бар байлығын тонап алды.
Жұмысын істетіп талай жылғы,
Өзін нағыз малай қылды.
Тырнаның тас тығылып өзегіне,
Қайтадан қашып келді өз еліне.
«Адасып, үйірін тапқанның айыбы жоқ»,
Алайда, Тырнаның бұрынғы зайыбы жоқ.
Жаңадан жар іздеді,
Жанашыр жан іздеді.
«Ауызы күйген үріп ішеді»,
Асыққан жүріп ішеді,
Дегендей,
Тырнаға ешкім бөгелмей,
Қоралы қойдай үріккен
Қарайтын болды күдікпен.
* * *
Өйткені, ой өзгерген,
Опасыз бір шіркін ғой.
Қолайсыз жағдайда кез келген
Қашуы тағы мүмкін ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұрақсыз тырна өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тұрақсыз тырна өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұрақсыз тырна өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұрақсыз тырна өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері