Юран-ай
Бұл бетте «Юран-ай» атты Естай Беркімбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Салғаным сал қара атқа жаппай күміс,
Білмеген асыл жайын адам емес.
Осы әнді Юран деген қызға айтыпты,
Баласы басқа адамның салған емес!
Юран-ай, Юран-ай, Юран-ай,
Ха-ла-ла-кім Юран-ай!
Қыз бопты Қараөткелде Юран атты,
Аузынан шыққан сөзі балдан тәтті.
Салғанда домбырада Юран әнін,
Өзіме тартып алам адамзатты.
Юран-ай, Юран-ай, Юран-ай,
Ха-ла-ла-кім Юран-ай!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі