Бұл бетте «Жай қоңыр» атты Естай Беркімбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарақат көзді, сүмбіл шаш, Пісте мұрын, түйме бас. Алыстан аңсап келгенде, Ләззәтпен, сәулем, аузыңды аш!
Көзінің қаралығы қарақаттай, Сөзі бар ақ қағазға жазған хаттай. Көзіндей құралайдың ойнақтатып, Арман не соны құшқан адам затта-ай.
Бір қыз бар Маралдыда Қорлығайын, Табиғат берген екен күн мен айын. Мұратқа іздеген жан бәрі жеткен, Дариға арманым көп не қылайын.
Хабарлама
INFO
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі