Ырғақты – Әсет Найманбайұлы

Бұл бетте «Ырғақты» атты Әсет Найманбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3170
Ақ тұйғын құс қолымда зыр қақты ма,
Басып-басып алайын “Ырғақтыма”.
Бозбала, саған айтар өсиетім:
Жақын жүр әлпештеген ардақтыға.

Е-ей, өтеді-ай жалған-ай, шіркін,
Арманменен!

Жанып тұрған жас өмір – алқызыл гүл,
Сипаттауға қызығын жетпейді тіл.
Жауқазын желбіреген – жастық шағың,
Өмірдің мағынасын түсіне біл!

Е-ей, өтеді-ай жалған-ай, шіркін,
Арманменен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ырғақты өлеңінің авторы кім?

Әсет Найманбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Ырғақты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ырғақты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әсет Найманбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ырғақты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері