Ақ моншақты аруым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақ моншақты аруым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 10303
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Еркелігің еліктің лағыңдай,
Көркемдігің көлдің көк құрағындай.
Мойынында мөлдіреп моншақтарың,
Көрген күннен арттырды құмарымды-ай.

Қайырмасы:
Мойныңдағы моншағың
Әдемі екен сонша бір.
Қадалады көп жігіт,
Сол қулардан қорқамын.
Моншақ таққан тамағың
Әппақ екен, қарағым.
Атқан таңдай арайлы
Жарқ еткенде жанарың.

Шағаладай шайқаған қара суды,
Талай жігіт сыртыңнан таласулы.
Мазалайды мені де жай таптырмай,
Моншақтарың мойныңда жарасымды.

Қайырмасы:

Моншақтарың маржан ба, лағыл ма екен?.
Күтіп тұрған алдымда бағым ба екен?
Жымыңдаған жұлдыздай тұңғиықтан,
Қол жетпейтін әлде бір сағым ба екен?

Қайырмасы:
(Соңғы шумаққа қосылып)
Жалын атып жүрегім,
Өзінді ойлап жүдедім.
Сол моншақтың орнына
Оралсайшы білегім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ моншақты аруым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақ моншақты аруым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ моншақты аруым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ моншақты аруым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері