Қасиетті жан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қасиетті жан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1324
Жарасымды жанымыз,
Студенттік шағымыз.
Күндіз-түні «Қайықта»
Айтатұғын әніміз.
Әндерімен асқарлы
Тәнті қылған жастарды.
Шәмші ағамыз бір күні
Іздеп келді Асқарды.*
Аты аян баршаға,
Болғанымен қаншама,
Орта бойлы қағілез
Адам екен Шәмші аға.
Әр сөзімен таң етер,
Қуақылау жан екен.
Езу жимай тыңдайтын
Әзілі де бар екен.
Кетпегенмен аспандап,
Былай деді астарлып:
«Қасиетті барлық сөз
«Қ» әрпінен басталмақ:
Қазы, қарта, қыз, қымыз,
Қымыз ішіп қыздыңыз.
Қалдаяқов мені де
«Қ» әрпінен түздіңіз».
Ақ көңілін білдіріп,
Әзіл сөзін ілдіріп,
Шәмші ағамыз осылай
Отыратын күлдіріп.
Өнердегі таң еді,
Тұла бойы ән еді.
Қалдаяқов шынында
Қасиетті жан еді.
Ұқсап сыңғыр бұлаққа,
Үні қалып құлақта,
«Қайығына» мінді де,
Жүзіп кетті жұмаққа.
Қайда жүр деп танысы,
Алаңдайды Арысы.
Толқындары Каспидің –
Шәмші ағаның валісі.
Балғын жас та, кәрі де,
Тау да, тас та бәрі де
Тербеледі қосылып
Шәмші ағаның әніне.
*Асқар Сүлейменов


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасиетті жан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қасиетті жан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасиетті жан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қасиетті жан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері