Туады, шығады, түседі, келеді – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Туады, шығады, түседі, келеді» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1397
– Мазалаған көптен бiр
Сұрағым бар,
Дөп келдiң,
Халық неге айтады,
Туады деп
Көктемдi?
– Неге десең,
Көктемде,
Наурыз келiп жеткенде,
Құлын,
Бұзау,
Қозы,
Лақ
Толып өрiс беткейге,
У-шу болып жатпай ма,
Мал төлдерiн таппай ма?
Көктем туды деп халық
Сондықтан да айтпай ма?
– Ендеше айт
Мынаны,
Жаз неге онда шығады?
– Егiн шығып болады,
Қауыздары толады.
Орақ кезi басталып,
Диқан бидай орады.
Қырман тау боп жатады,
Ел ырысқа батады.
Жаз шығады деп халық,
Сол себептi айтады.
– Ойландырған кешелi
Бiр бiлмегiм осы едi.
Ал халқымыз нелiктен
Күз түседi деседi?
– Келген кезде ақырап,
Сарғаяды атырап.
Ағаштардан түседi
Əрi кеткен жапырақ.
Шопан жүгiн артады,
Таудан түсiп қайтады.
Сол үшiн де халқымыз
Күз түстi деп айтады.
– Жауабыңды бер ендi,
Ал
Қыс неге келедi?
– Тау,
Жотаны,
Даланы
Қырау тегiс жабады
Қыстың алғаш белгiсi –
Сулар қатып қалады.
Қыс хабарын бередi.
Қамданады ел ендi.
Содан жолын күткен соң,
Дейдi
Қысты «келедi...»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туады, шығады, түседі, келеді өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Туады, шығады, түседі, келеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туады, шығады, түседі, келеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туады, шығады, түседі, келеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері