Кісікиік – Гүлнұр Мұратхан

Бұл бетте «Кісікиік» атты Гүлнұр Мұратхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Даңқты әлемде кетемін кішірейіп.
Жүрегімді қайтейін іші бейіт?
Мені ұйқымнан оятар жалғыз Үміт,
Үмітімнің сырты сау, іші үрейлік.

(Сәттік мұң да ішеді өзі ішімдік)
Мені саған жеткізбей өзімшілдік.
Сыр ашпайтын, сенімен сырласпайтын
Мінезді адам екенмін өзім сұмдық..

Күйге бөлеп жаныңды ауыр, ауыр!
Бәрі таныс, бәрі дос, бәрі бауыр.
Жүрегімнің ішінде бір тыныштық,
Тыныштықтың ішінде әлі дауыл..

Гүлнұр Мұратхан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері