Өлең, жыр, ақындар

Елімнің ерке ұл-қызы

  • 09.09.2018
  • 0
  • 0
  • 6858
Ойнайды бөбек ойнақ сап,
Ананың бақыт жұлдызы.
Қарайды дүние ойлап қап,
Жайнаса жарқын нұр жүзі.
Қарайды балқып еміреніп,
Өсірген өзі гүліне.
Құлағын түріп, тебіреніп,
Уілдек сәби үніне.
Болар-ау ол да азамат,
Ананың ақтап еңбегін.
Сәбиді қорға адамзат,
Жайнасын десең жерде күн.
Сақ-сақ күліп толқыны желмен ойнап,
Даланың төсін тіліп салып ойнақ,
Болса да тілсіз мылқау, асау толқын,
Жөңкіліп келе жатыр жарды бойлап.
Үңіліп қарап тұрмын жардан тасқан,
Оқырдай су бетінен ұзақ дастан.
Толқынмен ойым сүңгіп кетті бірге,
Секіріп асқар шыңнан, жақпар тастан.
...Жағанда талай ару жүрген шығар,
Гүліңді жұпар атқан үзген шығар.
Бөленіп махаббаттың бесігіне,
Арманын құшырлана сүйген шығар.
Өмірдің әлде арқалап ауыр жүгін,
Шақты ма екен тау-тасқа ащы мұңын.
Жел күбірлеп, біресе сыңсып баяу,
Қаралы шертті ме екен дала күйін.
Қайырып жастайынан қанатынды,
Арулар, көп өткіздің нала күнді.
Саналып мал орнына барымта боп,
Зарлы үнің тербетті ғой қара түнді.
Сол бір шақ кешегі өткен көз алдымда,
Елестеп өтті бір кез сағымдана.
Ойыма еншілес боп тұрды қалқып.
Жарық ай көкте туған жаңа ғана.
Ал бүгін мен үстіне шығып қырдың,
Келетін бақытымды күтіп тұрмын.
Бөгет жоқ мені тосар, еркін жанмын.
Бөленген шұғыласына нұрлы күннің.
Шаңдатып, құйындатып, бұрқылдадың,
Келеді сенен ғажап сыр тыңдағым.
Артыңа аялдамай жортып кетсең,
Сенің қонып аттанған жұртыңдамын.
Сен — ну орман, мен — майда жапырағың,
Кеудемде сарқылмайтын жатыр ағын.
Өмірге сен деп келгем, сен деп кетем,
Несіне жұрттан оны жасырамын.
Суық екен түн бүгін,
Қыраулапты әр терезе.
Қымтапты аспан түндігін,
Қар жауа ма, немене?
Мазасыз алып қашпа жел,
Аласұрды ысқырып.
Сықырлайды басса жер,
Аяз үйге ықсырып.
Қарлы ағаш түбінде
Кімдер назбен күледі,
Беріліп сыбыр-күбірге,
Қандай жақсы түн еді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құтты мекен

  • 0
  • 0

Жатырсың кең көсіліп, құтты мекен,
Жаныңды біреу мендей ұқты ма екен.
Сыңғырлаған бұлақтың сұлу үнін,
Құмартқанда кәусардай жұтты ма екен.

Толық

Гиссар түні

  • 0
  • 0

Гиссар тұр түн жамылып,
Маңғазданып,
(Жиналмас күнде осынау маңға аз халық).
Күмбірлеп көне қорған күй төккендей,

Толық

Алтын бесік

  • 0
  • 0

Қиялды Алтынбесік тербеді ме,
Көңіл кетті қанатын сермеді де.
Тасқындап қалайын бір нөсердейін,
Орамай тұрғанда жер жөргегіне.

Толық

Қарап көріңіз