Эйфория – Гүлнұр Мұратхан

Бұл бетте «Эйфория» атты Гүлнұр Мұратхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Төлеген де сүйді ме Жібекті шын?
Не бітпейтін күдіктер санадағы,
Неге еңкілдеп жылайды жүрек тұсың?

Жүрегіңді мекендеп торғай әні..!
Сағыныш-күз қалыпты қимастықта, -
Бәлкім, мұңды кешкем жоқ ондай әлі..

Сен де түсін. Күз түсін. "Мен де" түсін.
Жан біткеннен алшақтап сені ғана, -
Жамандыққа қиғысы келмеді ішім..

Иеленіп ойларың жүректі сұм
Мен күзден де таппадым сол бір қызды,
Сені ғана келетін жыр еткісі..

Бәлкім, мұңды кешпегем ондай әлі..
Сезем мына мазасыз жүрегімді
Тәңір бар ғой көреген - Ол да аяды!..

Бөлмедегі бір үміт - бір ақпа шам..!
Мен өмірді көрер ем тым басқаша,
Бірақ қашан?

Гүлнұр Мұратхан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері