Дүние өмір – Гүлжайна Байходжаева

Бұл бетте «Дүние өмір» атты Гүлжайна Байходжаева жазған өмір туралы өлең берілген.

Бақытты жанның жанарын,
Көруге қаншама ілінгем
Көңілін,өмірін мəңгіге
Көруге жазсын деймін,көнігем
Тамшыдай мөлдіреп жанары,
Толмасын қос-қостан жастары
Өмірдің ағы мен қарасы...
Жаумасын қаралық қастары
Бабалық Тəңірдің жазғаны,
Ақталар сонымен қазғаны
Дүниемен өлшейтін өмірін,
Дүниемен жерлейді өлігін.
Қу тізені керек етпес ешкімде,
Мінсіз пенде табылмайды көрсеңде
Біреулердің жамандығын тергелеп,
Ақ болмайсың,жақсылығың жетсе де..
Таза жаның мəңгілкке керегі,
Жылы сөзде бір күндері өтеді
Адам болып келгенде бұл өмірге,
Хайуан боп қалмаңдаршы түбінде...
Бақытты адам қайғы-мұңын өткерген,
Қаншама күн соны ойлаумен күн көрген
Шындығында айта келсек тереңді,
Бақытты жан шығармайды өлеңді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар