Күз. Сіз. Біз Әділ Ботпановты іздеу – Ақгүл Тұрсынбай

Бұл бетте «Күз. Сіз. Біз Әділ Ботпановты іздеу» атты Ақгүл Тұрсынбай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Күз. Сіз. Біз
Әділ Ботпановқа арнау

Күз.
Қараша-қыздың лебіне қалтырап тағы,
Солғындау бақта үзіліп жапырақтары,
Жалаңаш қалған теректің сонау алыстан
Тартады көзді еріксіз жарқырап тәні.

Қыз.
Бақ ішінде отыр.
Теректен көзін алмады.
Жалаңаш жаны: сенім мен сезімі алдады.
Ақық боп сырғып жанардан көкірегіне
Тамшылар түсті.
Таусылды, төзім қалмады.

Сіз.
Күздің көңілсіз бейнесін ұнатқан жансыз,
Жапырағынан айрылса – жұбатқан жансыз.
«Тағдырласпыз» деп түйсініп жүргеніңізде,
Жапырақ боп әп сәтте құлап қалғансыз.
Таптамасын деп әркімнің табаны сізді,
Диуана күздің желімен жырақтағансыз.

Тағы да сіз.
«Жыр хандығының жас ноянына» лайық болдыңыз,
Хан Тәңіріне қанатты жайып қондыңыз.
Өлеңге сусап, аңқасы кепкен сұр тіршілікке
Жыр жаңбырлатып, шөлін қандырып, ғайып болдыңыз.

Біз…
Сарғайып дүние, сезілсе (і)лебі күздің,
Келеріңізге сенеміз үнемі сіздің.
Мұңға малынған мөп-мөлдір моншақ жырыңыз
Мекендеп жатыр төрінде жүрегіміздің.

Мұң…
Мазасыз ойлар.
Мұң басқан мазасыз ғалам,
Сағыныш салған жүректе жара сыздаған.
Әділсіз қоғам – асылдан ажырап қалды.
«Мен оралдым» деп қай кезде жазасыз, ағам?

Түн!
Жұлдыз бен айдан төгілтіп жарығыңызды,
Ғашық еттіңіз асқар тау алыбымызды.
Оралмады әлі сіз жақтан.
Қайтарыңызшы,
Өмірзаяға айналған Әділімізді…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз. Сіз. Біз Әділ Ботпановты іздеу өлеңінің авторы кім?

Ақгүл Тұрсынбай — осы өлеңнің авторы.

Күз. Сіз. Біз Әділ Ботпановты іздеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз. Сіз. Біз Әділ Ботпановты іздеу өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз. Сіз. Біз Әділ Ботпановты іздеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар