Өлең, жыр, ақындар

Біреу үшін

Армандайсың, қиалдайсың, ойлайсың,
Кейде мынау әлемге де сыймайсың.
Бір минутта қия алмас адамға,
Өзің шіркін бар өмірді арнайсың.

Қуанасың, шаттанасың, күлесің,
Көретіндей күнде бақыт кемесін.
Көкте тұрған ұстатпайтын жарық ай,
Біреу үшін оны да алып бересің.

Өтер күндер, айларменен жылдарда,
Күлкі сыйлап жақын болған жандарға.
Керек болса барлығында сыйлайсың,
Мейлі бәрі қайтарымсыз болса да.

Салсаң егер барлығында ақылға,
Жанашырсың бәрібір де жақынға.
Біреу үшін от пен суда кешесің,
Менсінбей тұрсадағы жаныңда.

Керек десе тағы да өзгересің,
Өзге үшін тіпті өзің де сөз бересің
Сен үшін тұрсадағы басты рөльде,
Біреу үшін жай ғана көрерменсің.

Бүгін жеңіп, ертең бәлкім жеңілдіңіз,
Кейде мықты, кейде біздер сенімдіміз.
Алайда ғажап мынау бір өмірді,
Біреу үшін сүріп жүрген секілдіміз



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нағыз қазақ

  • 1
  • 0

Болған қазақ әрқашанда қасқырдай,
Ешкімді де өсек қылып асырмай.
Тағдырына әрқашанда сабыр қып,
Ар-намысы көрсететін асылдай.

Толық

Қарап көріңіз