Саптыаяқ – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Саптыаяқ» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.05.2021
  • 0
  • 2
  • 4284
Қарынсау, қара тегештей,
Қара қоңыр саптыаяқ.
Дөңгелек қарын, кемештеу,
Ақжем ернеу, ақ қабақ.
Шағыршығы шыңғырлап,
Айнымайды арбыздан,
Тау суындай салдырлап,
Құйылса қымыз құндыздан;
Бауырдай қатық балбырап,
Қоймалжың қою құйып құрт,
Жұмып көзді жұтқанмын,
Мөлтілдетіп малып мұрт.
Қабаққа біткен қайыңның
Беріші еді, безі еді.
Өтіндей-ақ аюдың
Әкемнен қалған көз еді.


Пікірлер (2)

Диас

Мен жақсымын

Жансезім

Осы өлеңді жаттаймын!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері