Сезім бе, сәттік бар таңым – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сезім бе, сәттік бар таңым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 761
Сезім бе, сәттік бар таңым,
Жалықтым, елтіп, еруден.
Сүйейін десем, қорқамын,
Еркімді саған беруден.
Үмітімді алғам өшіріп,
Қадірін білем ненің мен?
Қол создың несін, кешігіп,
Қалғанда көңілім сенуден.
Төсіңде келер көз ілгім,
Жүректің іздеп емін мен?
Рахатсыз осы сезімнің,
Азабынан жеңілгем.
Жүректің өлең жарқылы,
Шертетін сезім шынысын.
Ашылсын өзің арқылы,
Екінші менің тынысым.
Сезіммен бесік тербелген,
Көзіңнен мөлдір мұңді ішем.
Сүймеймін, өктем кеудеңмен –
Көрсетпей қойсаң Күнді сен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері