Ай көзінен қарашы, жас тамады – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ай көзінен қарашы, жас тамады» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 650
Ай көзінен қарашы, жас тамады,
Адамзатқа құпия аспан әлі.
Менің көңіл күйімді, тағдырымды,
Планеталар одағы басқарады.
Аспаныма боламын қарап, алаң,
(Кірлеп кетпей ме деп арам адам).
Жұлдыздардың біреуі жараланса,
Сау қалмаймын, бірге мен жараланам.
Аспан барда қайтемін баспананы,
Баспанасыз әкелгем жас баланы.
Менің мінез, еркімді, жүрегімді,
Ғарышкерлер одағы басқарады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері