Шымылдық көтеріліп түнге ашылған – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Шымылдық көтеріліп түнге ашылған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 653
Шымылдық көтеріліп түнге ашылған,
Ақ нұрды кеудесінен емізді аспан.
Сан сәуле саусақ созып шың басынан,
Сұлудай ұйқылы-ояу көзін ашқан.
Күн сүйген бір төбе жай, бір төбе асқақ,
Бәрінен өз қызығын өзі ұғып қыр.
Бұрымын төмен қарай сілке тастап,
Ерке өзен таңғы арайға шомылып тұр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері