Құба шың – Мерей Қартов

Бұл бетте «Құба шың» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 778
Маңдайын мұзды қар басқан,
Қара-ала бұлтпен арбасқан,
Найзадай ұшы Көк асып,
Найзағай-отпен жалғасқан.

Қасқайып тұрған құба шың,
Жаңғырмай, іштей тынасың.
Жадырап жетсем, – жатсынып,
Құлазып келсем, ұғасың!

Қыран ұшырған құба құз,
Қойныңда алуан бар аңыз.
Алшаңдай басып мен кеттім...
Алшақтау қазір арамыз.

Өзіңнен туған бел бала
Мен едім.
Көңіл – кең дала!
Төбесін Күнге сүйгізген,
Тәңірге жақын сен ғана!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері