Меланхолия – Мерей Қартов

Бұл бетте «Меланхолия» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 634
Жегідей жейді кей мұңым,
Ішімнен жүрмін кетіліп.
Келмеске кеткен күндерім—
секірген секек кекілік!..

Жастығым өтіп барады,
Ілесіп дүрмек-дүбірге.
Жер беті-қайғы аралы,
Толқыған шері іңірде.


Жаншыды жанды құз құлап,
Құлазып жүрмін өмірден.
Санамды мың ой сызғылап,
Миымды күдік кемірген.

Мейірім оты жоғалған,
Қоғам да кердең, ашулы.
Қайда бастайсың о, жалған?,
Тау-тасқа соғып басымды.

Торланған тұман төбемде,
Көкжиегім де кең еді.
Бәймәлім басқа Әлемге,
Ұшып-ақ кеткің келеді!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері