Ән салғандай ояу жел, ояу далада – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ән салғандай ояу жел, ояу далада» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 620
Ән салғандай ояу жел, ояу далада,
Көзіңдегі сезімде бояу бола ма?
Күрсіне берем, кешігіп кездескеніме,
Жарық дүние, өтпелі аялдамада...
Көктемнің көптен, желі еспей келді,
(Япыр-ау, іштегі өрт неге өшпейді, енді?)
Бір ыстық бейне, бір өзің арқылы,
Жасындай жарқылдап, елестей берді...
Көзіңе көзіммен ұнатып қарадым,
Кетпеші жанымды жылатып, қарағым.
Қонғандай қолыма қыранның сұңқары,
Армандай далаға гүл атып барамын.
Көзімнің бұлағын жыр әнің кептірды,
Қиялмен тербетті шынарың көп күнді.
«Іздеген жоғымды кешігіп таптым» - деп,
Әлемнен шүйінші сұрағым кеп тұрды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері