Қаншама күндер өтіпті, күтумен күдер үзілген – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Қаншама күндер өтіпті, күтумен күдер үзілген» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 962
Қаншама күндер өтіпті, күтумен күдер үзілген...
Қаншама моншақ құлады, көзімнен, жаным, тізілген
Тізілген жастан кеппесе кірпігім, қалай көз ілем,
Ауырын өткен күндердің кірпіктеріммен сезінем,
Айтшы, мен қалай көз ілем!?
Төзімді болшы, бота, деп,
басалқы тілек жолдайсың,
Жолдайсың, сезем, ара алыс,
менімен бірге болмайсың!
Дәтке бір қуат, ішімнен, жүректер егіз – сезінем,
Жырақта, қайда жүрсең де қолдайтыныңды сезінем,
Маужырап жатып көз ілем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері